Қазақстандық мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерді коммуникация құралы ретінде пайдалану деңгейі

Автор(лар)

  • Нұржан Есенжолов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан
  • Айнұр СЛӘМҒАЖЫ Astana IT University, Астана
  • Шынар ШӘКЕНОВА Astana IT University, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1278

Аңдатпа

Әлеуметтік желі - халық пен мемлекет арасында байланыс орнатуда, сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруда өте қуатты құрал. Мемлекеттік басқаруда әлеуметтік желіні пайдалану - бұл көптеген артықшылығы мен кемшілігі бар салыстырмалы түрде жаңа құбылыс. Қазақстанда кейінгі жылдары кеңінен қолданысқа енгенгенімен, бұл тақырып Қазақстанда көп зерттелмеген. Сол себепті, бұл зерттеу жұмысы мемлекеттік органдардың әлеуметтік желінің ақпарат таратудан бөлек, екі жақты коммуникация құру әлеуетін қаншалықты пайдаланатынын анықтауға бағытталды.

Зерттеу жұмысында екі сандық зерттеу әдісі пайдаланылды. Біріншісі, аймақтық мемлекеттік органдардың (Түркістан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі) әлеуметтік желі парақшаларына (Facebook, instagram) контент-анализ жүргізілді, екіншісі, әлеуметтік желі қолданушылары арасында қазақ және орыс тілінде сауалнама жүргізілді (105 адамнан жауап алынды).

Зерттеу нәтижесі мемлекеттік органдар әлеуметтік желіні тек қана ақпарат тарату құралы ретінде пайдаланып отырғанын, алайда, екіжақты байланыс құралы ретінде қарастырмайтынын көрсетті. Зерттеу объектісі болған парақшаларда халықтың белсенділігі өте төмен, әр жарияланымда орта есеппен 3-4 пікір білдірген. Бұл мекемелер күнделікті контент жариялап отырғанымен, ол контенттердің басым көпшілігі халық тарапынан қызығушылық тудырып, талқыға бастамайтынын көрсетті.

Авторлар өмірбаяны

Нұржан Есенжолов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан

докторант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан, nn8585kz@gmail.com, ORCID  ID: https://orcid.org/0000-0001-8802-4135

Айнұр СЛӘМҒАЖЫ, Astana IT University, Астана

Ассистент, профессор, Astana IT University, Астана, Қазақстан, slamgazhya@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-3024-4677

Шынар ШӘКЕНОВА, Astana IT University, Астана, Қазақстан

аға оқытушы, Astana IT University, Астана, Қазақстан, s.shakenova@astanait.edu.kz, https://orcid.org/0000-0001-8500-3734

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 235 |

Жарияланды

2024-09-30

Дәйексөз келтіру үлгісі

Есенжолов, Н., СЛӘМҒАЖЫ, А. ., & ШӘКЕНОВА, Ш. . (2024). Қазақстандық мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерді коммуникация құралы ретінде пайдалану деңгейі . Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, 3(3, 90), 11-19. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1278

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ