АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЫН МОДЕЛЬДЕУ
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1277Түйін сөздер:
Түйінді сөздер: мемлекеттік қолдау, субсидиялар, ауыл шаруашылығы, жалпы өнім, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, корреляция, регрессиялық талдау.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижелеріне субсидиялар түріндегі мемлекеттік қолдаудың әсері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты-субсидиялау динамикасын талдау және субсидиялар көлемі мен ауыл шаруашылығының жалпы өнімі арасындағы корреляциялық байланысты модельдеу. Зерттеуде өсімдік және мал шаруашылығының жалпы өнімі, сондай-ақ 2008–2022 жылдар аралығындағы мемлекеттік қолдау мөлшері туралы деректер пайдаланылды. Талдау ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің және зерттелетін кезеңдегі субсидиялар көлемінің айтарлықтай өскенін көрсетті, бұл аграрлық сектордың елеулі дамуын және мемлекеттік қолдаудың күшеюін көрсетеді. Сондай-ақ, мақаланың қорытындылары аграрлық сектордың тұрақты өсуін қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жалғастыру мен кеңейтудің маңыздылығын көрсетеді. Мақалада сондай-ақ дамыған елдердегі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың табысты үлгілерінің мысалдары қарастырылады, бұл Қазақстандағы қолданыстағы қолдау бағдарламаларын оңтайландыру үшін ұсынымдар беруге мүмкіндік жасайды.