Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жағдайында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1272Түйін сөздер:
. Бұл мақала міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жағдайында қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін талдауға арналған. 2020 жылы енгізілген сәттен бастап Қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесі мынадай күрделі мәселелерге тап болды: халықтың медициналық қызметтер сапасына наразылығы, халықты медициналық сақтандырумен жеткіліксіз қамту, сақтандырудың ақпараттық жүйесінің осалдығы және медициналық тіркемелердің болуы, өңірлерде және ауылдық жерлерде инфрақұрылымның нашар дамуы, медициналық сақтандыру саласында ақпараттың асимметриясының болуы және т.б. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде медициналық сақтандыру жүйесін реформалау процесін қатты сынға алып, медициналық сақтандырудың аталған мәселелерін қозғады. Мақалада қаржылық көрсеткіштер мен мониторинг деректерін кешенді талдау арқылы қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесінің эволюциясының ерекшеліктері қарастырылды. Талдау барысында мәселелік аспектілер анықталып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін оңтайландыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірленді. Жұмыста келесі ғылыми әдістер қолданылды: институционалдық талдау, синтез, әдебиеттерге шолу, салыстырмалы және социологиялық әдістер және т.б. Бұл ғылыми зерттеудің мақсаты, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу процесінде денсаулық сақтау жүйесін оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Эмпирикалық базаны денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық актілер, ресми басылымдар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің талдамалық және статистикалық жинақтары құрады.Аңдатпа
. Бұл мақала міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жағдайында қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін талдауға арналған. 2020 жылы енгізілген сәттен бастап Қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесі мынадай күрделі мәселелерге тап болды: халықтың медициналық қызметтер сапасына наразылығы, халықты медициналық сақтандырумен жеткіліксіз қамту, сақтандырудың ақпараттық жүйесінің осалдығы және медициналық тіркемелердің болуы, өңірлерде және ауылдық жерлерде инфрақұрылымның нашар дамуы, медициналық сақтандыру саласында ақпараттың асимметриясының болуы және т.б. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде медициналық сақтандыру жүйесін реформалау процесін қатты сынға алып, медициналық сақтандырудың аталған мәселелерін қозғады. Мақалада қаржылық көрсеткіштер мен мониторинг деректерін кешенді талдау арқылы қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесінің эволюциясының ерекшеліктері қарастырылды. Талдау барысында мәселелік аспектілер анықталып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін оңтайландыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірленді. Жұмыста келесі ғылыми әдістер қолданылды: институционалдық талдау, синтез, әдебиеттерге шолу, салыстырмалы және социологиялық әдістер және т.б. Бұл ғылыми зерттеудің мақсаты, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу процесінде денсаулық сақтау жүйесін оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Эмпирикалық базаны денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық актілер, ресми басылымдар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің талдамалық және статистикалық жинақтары құрады.