Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын елдің консулдық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде жетілдіру
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2020-72-1-52-60Түйін сөздер:
консулдық жарғы, консул, экзекватура, консулдық округ, консулдық қызмет, консулдық патентАңдатпа
Осы ғылыми мақалада 2016 жылғы Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы Қазақстан мен шетел мемлекеттерімен консулдық қарым-қатынастарды реттеуші ретінде консулдық құқықтың негізгі көзі ретінде айтылған. Қазақстандық Консулдық жарғының ережелеріне жалпы оң сипаттама берілген, кейбір кемшіліктер белгіленген, олар түзетілуі тиіс. Мақалада автор АҚШ, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Австралия, Сингапур сияқты мемлекеттердің консулдық қызметін реттеудің заңнамалық тәжірибесіне және халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып, тиісті тармақтарды басқа нормалармен толықтыруды ұсынады. Консулдарды тағайындау тәртібі, консулдық үй-жайлар мен жер учаскелеріне қол сұғылмаушылық, консулдардың салықтық иммунитеті, жас мамандардың консулдық мекемелерде тағылымдамадан өтуі, консулдық алымдар, консулдық артықшылықтар мен иммунитеттерді кері қайтарып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының мәтінін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды.