Цифрландыру жағдайында өңірлік дамуды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру

Автор(лар)

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1171

Түйін сөздер:

мемлекеттік басқару, пандемия жағдайындағы цифрландыру, өңірлік даму, ақпараттық технологиялар, бірыңғай ақпараттық жүйе

Аңдатпа

Қазақстанда 2021 жылғы мамырдан бастап азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін «Е-Otinish» бірыңғай ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу басталды. Бұл жүйе мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша өтініштерді бөлуді автоматтандыруға, сұрау салуларды азайту есебінен оларды өңдеуге арналған уақытты қысқартуға, өтініш берушілерді олардың өтініштерін қарау барысы туралы хабардар етуге және мемлекеттік органдарға өтініштердің жалпы дерекқорын қалыптастыруға бағытталған.

Осы зерттеудің мақсаты цифрландыру контексінде өңірлік дамуды басқаруды талдау, сондай-ақ азаматтар өтініштерінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің көмегімен жиналған статистикалық деректерді зерделеу болып табылады. Зерттеу цифрлық трансформация дәуірінде мемлекеттік басқарудың маңыздылығын көрсететін қазақстандық және халықаралық ғалымдардың теориялық және әдіснамалық әзірлемелеріне сүйенеді.

Бұл жұмыстың ерекшелігі пандемияның және оған ілеспе шектеу шараларының мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға әсерін талдау болып табылады. Дағдарыс халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қашықтықтан жұмыс форматына көшуін ынталандырды және халық арасында цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етті. Зерттеу мемлекеттің жаңа жағдайларға қалай бейімделгенін және цифрландыру өңірлік дамуға қандай әсер еткенін көрсетеді.

Алайда, мемлекеттік қызметшілердің халықпен және ұйымдармен өзара іс-қимылының сапасын жақсартудың сындарлы қажеттілігі анықталды. Сауалдарға жеткiлiксiз жедел ден қою, сондай-ақ министрлiктер мен жергiлiктi атқарушы органдар тарататын ақпараттың әртүрлiлiгi азаматтардың мемлекеттiк шараларға сенiмiн түсiредi және мемлекеттiк аппараттың беделiн нашарлатады.

Осылайша, жеделдетілген цифрландыру жағдайында процестерді технологиялық қамтамасыз етуге ғана емес, мемлекеттік органдардың қоғаммен коммуникация сапасына да ерекше назар аударылуы тиіс, бұл сәтті цифрлық трансформацияның және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың түйінді факторы болып табылады.

Автор өмірбаяны

Айнагүл Иманбекова, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

 

 

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 138 |

Жарияланды

2024-04-03

Дәйексөз келтіру үлгісі

Imanbekova, A., Stavbunik, E., & Filuk, G. (2024). Цифрландыру жағдайында өңірлік дамуды мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (1 (88), 36-47. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1171

Шығарылым нөмірі

Бөлім

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ