Мемлекеттік қызметшілердің тұтастығын қалыптастырудың әлеуметтік технологиялары
Түйін сөздер:
мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, сыбайлас жемқорлық, меритократия, әлеуметтік мәртебе, парасаттылық, әлеуметтік және басқарушылық мәдениет, құзыреттілікАңдатпа
Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тиімді аппаратын қалыптастыруға ерекше мән беріп келеді, ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуінің қажетті шарты болып табылады. 2012 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құрамын қалыптастырудың негізі болды.
Қазіргі уақытта мақсатты реформалар нәтижесінде меритократия және азаматтық қоғамға есеп беру қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің тиімділігі жоғары қазақстандық моделі құрылды.
ЭЫДҰ бағалауы бойынша Қазақстанда кәсіби-стратегиялық мемлекеттік аппарат қалыптасты, бұл мемлекеттік қызметте мансаптық үлгіге көшу, еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының бизнес-процестерін оңтайландыру сияқты жүйелі жүргізілген реформалар есебінен қол жеткізілді [1].
Келесі кезеңде инновациялық мемлекеттік қызметке көшу міндеті тұр. Мемлекеттік органдардағы инновацияларға жылдам және бейімді әрекет ету, тұрақты оқыту, мемлекеттік аппараттың ұтқырлығы мен дербестігі және т.б. жатады.
Инновациялық модельге көшу мақсатында мақсатты түрде бірқатар шаралар қабылдануда. Мәселен, мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жалдау тәсілдері қайта қаралды, басқару блогы үшін міндетті түрде эссе жазу практикасы енгізілді, төрт мемлекеттік органда факторлық-баллдық шкала негізінде еңбекақы төлеу жүйесі сынақтан өтті.
ЭЫДҰ елдерінде жоғары жалақыдан басқа қызметкерлерге қомақты әлеуметтік пакет беріледі. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуді арттыру бойынша Қазақстанда да осындай тәсіл қарастырылуда, оның ішінде жеңілдікті тұрғын үй және зейнетақымен қамтамасыз етуді енгізу, сауықтыру үшін жағдай жасау, Мемлекет басшысының «7-20-25» бастамасын белсенді пайдалану [2].
Осы мақала шеңберінде Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар келтірілген, олар мемлекеттік қызметшілердің парасаттылығына оң әсер етеді. Сонымен қатар, бір жағынан, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес-құрылым қызметкерлері арасындағы өмір сүру деңгейі бойынша әлеуметтік дифференциация проблемалары және оларды шешу жолдары келтірілген. Мемлекеттік қызметшілерге әсер етудің оң тәсілдерінің бірі ретінде әлеуметтік технологияның мәні ашылды.