Сайлаулар мен референдумдарды объективті халықаралық бақылау институты және оның саяси интеграцияға әсері (2022 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы және 2023 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1084Түйін сөздер:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, саяси интеграция, сайлау процестерін халықаралық бақылау, ТМД Атқарушы комитеті, ТМД ПАА ДДМХИ, ДИАҚБ ЕҚЫҰ, Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлауыАңдатпа
Мақалада 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу барысын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы Бақылаушылар миссиясының байқау нәтижелеріне сүйене отырып, 2023 жылғы 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында авторлар жұмыстың қолданбалы әдістемесіндегі айырмашылықтарды және миссияның орындалуын бақылау нәтижелерін бағалаудағы ТМД байқаушыларының және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның (бұдан әрі – ДИАҚБ) әртүрлі көзқарастарын көрсетеді. ТМД байқаушылары миссиясы өз қызметінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі демократиялық сайлау, сайлау құқықтары мен бостандықтары стандарттары туралы конвенцияның ережелерін, ал ДИАҚБ миссиясы дербес қабылданатын нұсқаулықтар мен ұсыныстарды басшылыққа алады. Авторлардың пікірінше, ДИАҚБ-ның бұл тәсілі бақылау нәтижелері бойынша олардың қорытындыларының объективтілігіне күмән келтіруге негіз жасайды.