Қазақстандағы кибер қауіпсіздікті дамыту саясаты: қолданушылардың м-коммерцияны қабылдауын талдау
Түйін сөздер:
мобильді коммерцияны қабылдау (M-коммерция), Қазақстан, технологияларды қабылдау моделі (ТҚМ), киберқауіпсіздік, сандық технологияларАңдатпа
Мобильді коммерцияның (M-коммерция) киберқауіпсіздік факторларының негізгі аспектілерін анықтау өте маңызды және пайдаланушылардың сенімділігін арттыруы мүмкін. Осылайша, аталмыш зерттеуде Қазақстандағы киберқауіпсіздік саясатының дамуына ықпал ететін M-коммерция киберқауіпсіздігінің негізгі факторларын енгізуге және технологиялық инфрақұрылымды сараптауға аса мән берілген. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін «жеке инновациялылық, қоғамның хабардар болуы, болжанған тәуекелдер, пайдалану ниеті мен демографиялық көрсеткіштер» жынысы, жасы және білім деңгейі (кәсіби) сияқты айнымалылар, «Технологияларды қабылдау моделі» (TҚM) кеңейтіле қолданылған. Бұл айнымалылар M-коммерция саласындағы қарапайым пайдаланушылар мен сарапшылар үшін сауалнама жасау үшін қолданылды.
Аталмыш жоба Қазақстандағы М-коммерцияны сәтті бейімделуін ынталандыру үшін ықтимал шешімдерді ұсынады.