Шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін пайдалану тиімділігінің аудиті
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1010Түйін сөздер:
активтер, бюджеттік қаражаттар, ақша қаражаттарының баламалары, тиімділік аудиті, экономикалық тиімділік, өнімділік, критерийлер, бюджеттік өтінімАңдатпа
Мақалада шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін пайдалану тиімділігі аудитінің экономикалық мазмұны мен мәні ашылып, мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы проблемалар және оның құрамын бағалау мәселелері айқындалған. Осыған байланысты шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін пайдалану тиімділігін, оның ішінде оның табыстылық деңгейін тексеру кезінде тексерілетін субъектінің қаржылық жағдайына әсер ететін факторлар талданады. Ғылыми мақаланың нәтижелері тексерулер кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу негізінде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.