2024 жылғы 88-ші томының 1-ші шығарылымына мақалалар қабылдау ашық

2023-11-28

Құрметті авторлар,

Қолжазбаларыңызды біздің журналдың онлайн жүйесі арқылы жіберуге шақырамыз: https://journal.apa.kz/index.php/path/about/submissions.

«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» - рецензияланатын және жылына төрт рет ашық түрде шығатын журнал. Журнал мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында пікір-алмасу алаңын ұсынады. Сол себепті, отандық зерттеушілерді, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін және шетелдік сарапшыларды өздерінің түпнұсқалық зерттеулерін жариялауға шақырамыз.
Қолжазбалар міндетті түрде кем дегенде екі рецензиялаудан өтеді. Барлық авторлар үшін журналда жариялану тегін болып табылады. Қабылданған мақалалар ашық түрде журналдың сайтында жарияланады. Журнал "ҰМҒТСО" АҚ қазақстандық дәйексөз дерек қорында индекстеледі. 

Журналдың негізгі бағыттары: мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, халықаралық қатынастар, экономика.