«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналының 2025 жылғы №4 санына мақала қабылдау туралы хабарландыру

2025-07-04

Құрметті авторлар!

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институты «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми журналының 2025 жылғы төртінші санына мақала қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.

Мақала қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1–30 қыркүйек аралығы.

Жариялауға келесі бағыттар бойынша ғылыми мақалалар қабылданады:
• мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет;
• экономика;
• халықаралық қатынастар.

Мақаланы дайындау барысында Авторлар үшін нұсқаулықтың (2025 жылғы редакциясы) талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Кәсіби ғылыми пікірталасқа қосылыңыздар және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулердің дамуына өз үлестеріңізді қосыңыздар!

https://journal.apa.kz/index.php/path/about