КӨП ДЕҢГЕЙЛІ БАСҚАРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА ШОЛУ: ЛИТВАДА ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ (ЖАҒДАЙЛЫҚ) ЗЕРТТЕУІ
DOI:
https://doi.org/10.52123/1994-2370-2024-1380Кілт сөздер:
multilevel governance, Lithuania, Youth policy, citizen participation, democratisationАңдатпа
Бұл мақалада халықаралық ұсыныстар мен ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, көп деңгейлі басқару тұжырымдамасы, салалық және көп деңгейлі басқарудың ерекшеліктері талданады, оның артықшылықтары мен шешім қабылдау процесіне әр түрлі субъектілердің қатысуымен байланысты ықтимал тәуекелдер көрсетілген. Мақалада Литвадағы жастар саясатын тұжырымдау мен жүзеге асыру зерттеуі келтірілген, оны іс жүзінде көп деңгейлі басқарудың ең сәтті мысалдарының бірі ретінде қарастыруға болады. Мақаланың мақсаты: жастар саясатының шеңбері көп деңгейлі басқару тұжырымдамасына қалай сәйкес келетінін анықтау; осы желіде қандай субъектілер жұмыс істейді; неліктен бұл нақты сала көп деңгейлі басқарудың жақсы үлгісі ретінде анықталғанын және оны жүзеге асырудың сәттілігіне не ықпал еткенін анықтау.