ХХІ ғасыр теңіз жібек жолы жобасы шеңберіндегі Қытай Халық Республикасының әскери – теңіз саясаты және таяу шығыс елдерімен қарым-қатынасы

Автор(лар)

  • Аяна Сапар М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Жұлдыз Турекулова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0002-2461-2488
  • Нұрлан Муминов әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-7824-7044

DOI:

https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1114

Түйін сөздер:

Қытай, әскери саясат, аймақтық ынтымақтастық, геосаяси бәсекелестік

Аңдатпа

Жаһандық саяси ландшафт жылдам өзгеріп жатқан дәуірде және Қытайдың қарқынды дамуы жағдайында бұл елдің заманауи әскери саясаты әлемдік қауымдастықтың назарын аударатын негізгі факторға айналуда. Қытай жүргізіп жатқан заманауи әскери-теңіз саясаты, елдің егемендігін, қауіпсіздігін және ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған қадам. Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасының геосаяси бағытында Таяу Шығыс аймағының орны үлкен. Сонымен қатар, аймақтық ынтымақтастықты және Шығыс-Батыс арасындағы сауда мен инвестицияны дамытуға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық «Бір белдеу бір жол», «ХХІ ғасырдағы теңіз Жібек жолы» геосаяси жобаларын дамыту жолындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін Қытай стратегияларында Таяу Шығыс аймағының маңызы артып отыр. Осы мақалада, Қытай Халық Республикасының қазіргі әскери саясатының даму үрдістері қарастырылып, Таяу Шығыс аймағы, оның ішінде Парсы Шығанағы мен Солтүстік Африка аймағындағы араб елдеріндегі геосаяси, әскери-теңіз мүдделеріне талдау жасалады. Қытайдың Парсы Шығанағындағы, Қызыл теңіздегі және Үнді мұхитындағы әскери-саяси мүдделері зерделеніп, аймақтың жетекші елдерімен қарым қатынасы қарастырылады.

##submission.downloads##


Аннотацияларды қарау саны: 113 |

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөз келтіру үлгісі

Сапар, А., Турекулова, Ж., & Муминов, Н. (2023). ХХІ ғасыр теңіз жібек жолы жобасы шеңберіндегі Қытай Халық Республикасының әскери – теңіз саясаты және таяу шығыс елдерімен қарым-қатынасы. Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет, (4 (87), 113-127. https://doi.org/10.52123/1994-2370-2023-1114

Шығарылым нөмірі

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Осы автордың (авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары