Академия журналы Thomson Reuters агенттігінің ESCI сілтеме жасау индексіне енгізілді

IMG 4955Академияның «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» халықаралық ғылыми-талдау журналы («Public Administration and Civil Service») Thomson Reuters агенттігінің (Emerging Sources Citation Index, ESCI) пайда болған дереккөздеріне сілтеме жасау жаңа индексіне енгізілді.

 

Индекс 2015 жылдың қарашасында Thomson Reuters компаниясының назарын аудартқан ғылыми дерекөздердегі сапалы рецензияланған жарияланымдарды жинақтау үшін құрылды.

 

 

Қазақстанда бүгінгі күні тек қана 7 журнал ESCI-ке енгізілді, бұл ретте «Public Administration and Civil Service» – осы индекстегі жалғыз гуманитарлық қазақстандық басылым. Бұл – Академияның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жалғасатын журналды жаңғырту бойынша үш жылдық ауқымды жұмыстың нәтижесі болып табылады. 

 

Академияның ғылыми басылымдарын жетілдіру үшін алдыңғы қатарлы баспа тәжірибесі, мақалаларды редакциялау мен рецензиялау тәжірибесі үнемі зерделеніп отырады. Осыған орай Академияның редакциялық-баспа қызметінің жетекшісі Е.А.Доценко Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (РАНХжәнеГС, Москва қ., 2016 жылдың 17–20 мамыры) базасында «Халықаралық деңгейдегі ғылыми басылым – 2016: баспа этикасы, рецензиялау және мақала дайындау мәселелерін шешу» 5-ші Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Белоруссияның ғылыми журналдарының редакторлары мен баспаларының басшылары, Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, АҚШ-тан сарапшылар, Scopus, Thomson Reuters, DOAJ өкілдері қатысты.

 

Академия өкілі конференцияда «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналын жаңғырту тәжірибесі, сондай-ақ Қазақстан үшін түбегейлі жаңа «Public Administration in Central Asia» ағылшын тілді журналын ашу бойынша алғашқы қадамдар жөнінде баяндама жасады.

 

Scopus сарапшыларының қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Академия журналы мен сайтының дайындық деңгейіне оң баға берілді бағалады, сондай-ақ оларды одан әрі жетілдіру бойынша практикалық ұсынымдар алынды.

 

Сонымен қатар «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналын Ресейдің бірыңғай электрондық кітапханасына енгізу бойынша алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді, оның негізінде Ресей ғылыми сілтеме жасау индексі (РИНЦ) есептеледі.

 

Бұдан өзге, «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы «Халықаралық деңгейдегі ғылыми журналдар» көрмесінде таныстырылды, оның қорытындысы бойынша қатысушының сертификатымен марапатталды.